Әскерге шақыру пункттерінің жағдайы басты назарда

Әскерге шақыру пункттерінің жағдайы басты назарда

2026 жылғы 5 ақпанда облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы тарапынан Қордай және Шу аудандарының әскерге шақыру пункттерінің жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында әскерге шақыру пункттерінің қажетті материалдық және медициналық құралдармен жабдықталуы, сондай-ақ ғимараттың жалпы жағдайы қаралды.

Зерделеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою және әскерге шақыру пункттерінің жағдайын жақсарту мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, тиісті ұсынымдар айтылды.