Әскерге шақыру науқанына дайындық барысы пысықталды

Әскерге шақыру науқанына дайындық барысы пысықталды

2026 жылғы 4 ақпанда  облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасымен Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының әскерге шақыру пунктілерінің жағдайы зерделеніп, әскерге шақыру науқандарына дайындық барысы бойынша арнайы жиын өткізілді.

Жиын барысында әскерге шақыру науқандарында берілген жасақты орындау бойынша туындыған мәселелер мен әскерге жинақтау пунктілерінің жағдайын жақсарту бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Жиын қорытындысымен жауапты мекемелер мен мүдделі тұлғаларға жасақтың орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.