
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлының төрағалығымен 2025 жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы және 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық барысы туралы жиын өтті.
Жиын барысында мерзімді әскерге шақыру мен шақырылушыларды зерделеу және әскерге шақыру пунктін жабдықтау жұмыстарындағы проблемалық мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысымен жауапты мекемелер мен мүдделі тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, нақты міндеттер жүктелді.