Басқарма және мамандандырылған база қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Басқарма және мамандандырылған база қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды

2026 жылдың 8 қаңтарында облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының
(әрі қарай - Басқарма) басшысы Е. Иманбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлері және Басқарманың мамандандырылған базасы басшылығының қатысуымен аппараттық жиналысы өтті.

 

Жиын барысында 2025 жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы, 2026 жылы өткізілетін тактикалық оқу-жаттығуының дайындығы барысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу және қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Басқарманың және мамандандырылған базаның жауапты қызметкерлері баяндамалары тыңдалып, басқарма басшысы тарапынан жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.