
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) ұйымдастыруымен Басқарма қызметкерлерінің отбасыларына арналған Жаңа жылдық құттықтау шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Басқарма басшылығы қызметкерлердің отбасыларын келе жатқан 2026 Жаңа жылымен құттықтап, жаңа жылда отбасыларына молшылық, бақ-береке, зор денсаулық, ал қызмет жолында табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қызметкерлердің жауапты әрі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді.
Құттықтау шарасы аясында Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге арнап мерекелік көңіл күй сыйлап, балаларға арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Балалар үшін ұйымдастырылған бұл шара олардың қуанышын арттырып, мерекелік әсер сыйлады.
Аталған іс-шара ұжымдағы ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлердің отбасыларына деген қамқорлықтың айқын көрінісі болды.