
Облыс әкімі Е. Қарашөкеевтің бастамасымен Мемлекет басшысының әскери инфрақұрылымды жаңғырту және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасының инфрақұрылымын салу аяқталды және 99205 әскери бөлімінің (Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасы) жеке құрамының мүддесі үшін пайдалануға берілді.
Жаңа кешен қауіпсіздіктің, жайлылықтың және функционалдылықтың заманауи талаптарына жауап береді, қажетті материалдық-техникалық құралдармен (жиһаз, есептеу техникасы және басқа да құралдармен) толық қамтамасыз етілген.Бұл жауынгерлік даярлықтың тиімділігін арттыруға, жеке құрамның тұруы мен қызметі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Жұматайұлы Қосанов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Вакасұлы Ибраев, 99205 әскери бөлімінің жеке құрамы, ардагерлер мен құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара барысында жауынгерлік техниканы байқау, нысан бойынша экскурсия өткізілді.