Басқармада: "Әскери міндеттілердің есебін жүргізу және броньдау бағыттары бойынша оқу әдістемелік жиын өткізілді"

Басқармада: "Әскери міндеттілердің есебін жүргізу және броньдау бағыттары бойынша оқу әдістемелік жиын өткізілді"

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28 қарашада «Әскери міндеттілердің есебін жүргізу және броньдау» бағыттары бойынша облыс, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлеріне арналған әдістемелік сабақтар өткізілді.

Әдістемелік сабақтардың негізгі мақсаты:

  • әскери міндеттілердің есебін жүргізу тәртібін түсіндіру;
  • броньдау рәсімдерін жетілдіру және іс жүргізу тәртібін біріздендіру;
  • нақты практикалық мәселелерді талқылау арқылы жауапты тұлғалардың кәсіби даярлығын арттыру.

Сабақ барысында әскери міндеттілерді есепке алу тәртібі, деректерді өзектендіру, броньдау рәсімдерін жүргізу және құжаттарды рәсімдеудің негізгі талаптары түсіндірілді. Қатысушылар практикалық сұрақтарды талқылап, жұмыс барысында кездесетін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар алды.

Іс-шара жергілікті атқарушы органдардың әскери есеп пен броньдау жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталды.