
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында (әрі қарай – Басқарма) ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аппараттық жиналыс өткізілді.
Жиында Басқарма мен мамандандырылған базаның есепті кезеңде атқарған жұмыстары қаралып, негізгі нәтижелер мен көрсеткіштерге талдау жасалды. Қызмет бағыттары бойынша ақпараттар тыңдалып, жұмыс барысында туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, жұмыс тәртібін жетілдіру және атқарылған істердің тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатын болды.