
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында (әрі қарай – Басқарма) «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Басқарманың және мамандандырылған базаның басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиында Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік тұтастығын айқындайтын ерекше тарихи мереке екені айтылып, оның қоғамдағы бірлік пен патриоттық рухты нығайтудағы маңызы атап өтілді.
Жиын барысында Басқарманың бірқатар қызметкерлеріне Жамбыл облысы әкімінің төс белгісі, алғыс хаты, құрмет грамотасы мен Басқарма басшысының алғыс хаттары табысталды.