
Ағымдағы жылдың 14 қазанында Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы (әрі қарай – Басқарма) басшысының орынбасары – Е. Әмірханов Жуалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен Қаратау және Жаңатас қалаларының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің әскерге шақырту пункттерінің жай-күйіне зерделеу жүргізді.
Аталған зерделеу барысында әскерге шақыру пункті ғимараттарының жай-күйіне қатысты бірқатар ескертпелер айтылып, Облыс әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен Жамбыл облысындағы әскерге шақыру (жинақтау) пункттерін қалпына келтіру, жабдықтауды қажет ететін және өзге де мәселелер бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жол картасындағы тармақтардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.