Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері талқыланды

Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері талқыланды

2025 жылғы 10 қазанда Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жиыны өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын сақтау мәселелері көтерілді.

Жиын қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы қатаң сақтау, сондай-ақ ішкі бақылау мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.