2025 жылғы 6 қазанда облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында басқарма басшысының міндетін атқарушы Е. Иманбаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиында басқарманың және мамандандырылған базаның 4-тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары қаралды.
Күн тәртібінде бюджеттің игерілуі, мүліктер мен материалдық құндылықтарды есептен шығару жұмыстары, сондай-ақ аудандық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің ережелеріне өзгеріс енгізу және өткізілген оқыту семинарының қорытындылары талқыланды.
Баяндамашылар өз бағыттары бойынша ақпарат ұсынып, қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуы, мүліктерді есептен шығару рәсімдерінің заңдылығы, сондай-ақ аудандық бөлімшелер қызметін жетілдіру шаралары бойынша жан-жақты түсініктеме берді. Сонымен қатар, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтіліп, алдағы кезеңге нақты ұсыныстар енгізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылармен қаралған мәселелер бойынша пікір алмасып, белгіленген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін аталып өтті.