Ағымдағы жылдың 2–3 қазан күндері басқарманың ғимараты аумағында Тараз қаласы және аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімдерінің басшыларымен оқу-әдістемелік жиыны өтті.
Жиын жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Иманбаевтің төрағалығымен өткізілді. Ол өз сөзінде мемлекеттік органдардың жұмылдыру және азаматтық қорғау саласында үйлесімді жұмыс жүргізуінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – бейбіт және соғыс уақытындағы жұмылдыру дайындығын жетілдіру, аумақтық қорғаныс жүйесін нығайту, азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және практикалық дағдыларды жетілдіру болды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, болашақта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындады.