Басқармада аппараттық жиналыс өтіп, 8 айлық жұмыс қорытындыланды

Басқармада аппараттық жиналыс өтіп, 8 айлық жұмыс қорытындыланды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы (әрі қарай - Басқарма) басшысының міндетін атқарушы Е.Иманбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлері, Басқарманың мамандандырылған базасы басшылығы және Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілінің қатысуымен аппараттық жиналысы өтті.

Күн тәртібінде Басқарманың мамандандырылған базасының ағымдағы жылдың 8 айында атқарған жұмысы туралы қорытындыланып, алдағы кезеңге қойылатын міндеттер айқындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің қоймалар мен резервуарларды сақтау және оларды есептен шығару жөніндегі тапсырмасының орындалу қорытындысы баяндалды.

Жыл басынан бері өткізілген аппараттық жиындар хаттамаларында берілген тапсырмалардың орындалу деңгейіне талдау жасалып, жауапты қызметкерлердің жұмысына баға берілді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Басқарма қызметкерлеріне бұл бағыттағы заң талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану міндеттелді.

Жиын соңында барлық бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізуді, белгіленген міндеттердің толық әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.