Әскери қызметке шақыру: көктемгі науқан қорытындыланып, күзгі жұмыс пысықталды

Әскери қызметке шақыру: көктемгі науқан қорытындыланып, күзгі жұмыс пысықталды

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі Жамбыл облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің ғимаратында «2025 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы және 2025 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық әдістемелік жиыны өтті. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары – комиссия төрағасы Н. Календеров төрағалық етті. Жиынға жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы (әрі қарай - Басқарма) басшысының м.а. Е. Амирханов, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшылары қатысты.

Жиында көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығарылып, күзгі жұмыстар пысықталды. Айта кетерлігі, 2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқанындағы жоспары 12 адамға артығымен орындалды. Жоспарды толық орындап, жақсы көрсеткішке ұмтылған
3 ауданның әскерге шақыру комиссиясының төрағалары марапатталды.

Жиын барысында баяндалған бағыттардағы жұмыстар бойынша айтылған кемшіліктер мен ұсыныстарды ескере отырып,  Нұржан Сәбитұлы алдағы міндеттерді айқындап, тиісті тапсырмалар жүктеді.