Сарысу ауданында әскерге шақыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті

Сарысу ауданында әскерге шақыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті

2025 жылдың 14 тамызы Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау және бағалау жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті. Жиналысқа жұмыс тобының жетекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме, бөлім басшылары мен қала және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары мен күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының дайындық барысы болды. Жиналыста Сарысу ауданына берілген жасақ саны 85 адам болғаны, әскерге жіберілгендер саны 87 адамды құрағаны, яғни жасақ саны артығымен орындалғаны атап өтілді.

Басқарма басшысы Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен бекітілген әскерге шақыру пункттерін қалпына келтіру және қажетті жабдықтау жұмыстарын жүргізу бойынша жол картасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Аталған жол картасы аясында Сарысу ауданының әскерге шақыру пункті ғимаратына жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстары қолға алынып, қазіргі уақытта жүзеге асырылуда. Жол картасының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыс барысын бақылауды тапсырды.