Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының (әрі қарай -Басқарма) Басқарма қызметкерлері мен мамандандырылған базасының басшылық құрамының қатысуымен аппараттық жиналыс өтті.
Күн тәртібінде Басқарманың және мамандандырылған базаның 2025 жылдың 6 айындағы қаржылық жағдайы, 2025–2028 жылдарға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ орындалушылық тәртіп мәселелері қаралды.
Аппарттық кеңестің қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалармен маңызды мәселелер бақылауға алынды.
Жиналыс барысында кадрлық өзгерістер туралы айтылып, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының мамандандырылған базасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары және бөлім басшысы тағайындалды.