Ағымдағы жылдың 30 маусымында облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының
(әрі қарай - Басқарма) басшысы Е. Байболаттың төрағалығымен басқарма қызметкерлері және Басқарманың мамандандырылған базасы басшылығының қатысуымен кеңейтілген аппараттық жиналысы өтті.
Жиын барысында «Талас-2025» тактикалық арнайы оқу жаттығу корытындысы, 2025 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері қаралды. Басқарманың және Басқарманың мамандандырылған базасының жауапты қызметкерлері баяндамалар жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы хабарлады.
Баяндамашылар баяндаған бағыттағы жұмыстарды айтылған кемшіліктер мен ұсыныстарды ескере отырып, басқарма басшысы тарапынан нақты талаптар қойылды. Алдағы уақытта айтылған кемшіліктерге жол бермеу мақсатында жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.