Сандар мен деректер: Көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы

Сандар мен деректер: Көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы

2025 жылғы 10 маусымда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде кеңес отырысы өтті.

Кеңесте көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының қорытындылары қарастырылып, Қарулы Күштерді жас буынмен толықтыру барысында туындаған өзекті мәселелер, оның ішінде кейбір өңірлерде жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шақырылушыларды тасымалдау мен іріктеу үдерісіндегі кемшіліктер талқыланды.

Кеңеске облыстардың жергілікті әскери басқару органдарының басшылары қатысып, өз өңірлеріндегі шақыру жұмыстарының барысы туралы баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында Жамбыл облысы көктемгі әскерге шақыру науқанында Қарулы Күштер қатарын жас буынмен толықтыру бойынша белгіленген жоспарды толық орындап, сәтті аяқтаған өңірлердің бірі ретінде атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы
Е. Байболат сөз сөйлеп, талқылау нәтижелерін қорытындылады және әскерге шақыру науқанын жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.