Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысының міндетін атқарушы Е.Амирхановтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Ішкі талдау жұмыстары 15 мамыр – 26 маусым аралығында жүргізіледі.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау болатынын хабарлаймыз.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс нөмері: 962020
Мекен-жайымыз: М. Тынышбаев 46 Б