Әскерге шақыру науқаны және азаматтық қорғаныс. Зерделеу қорытындылары

Әскерге шақыру науқаны және азаматтық қорғаныс. Зерделеу қорытындылары

2025 жылғы 3-4 маусым күндері Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының (әрі қарай - Басқарма) басшысы Е. Байболат Жамбыл облысының Т.Рысқұлов, Меркі аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың маңызды бөлігі болып мерзімді әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысы мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары болды.

Сондай-ақ, Басқарма басшысы аудандық шақыру пункттерінің медициналық куәландыру үшін қажетті медициналық құралдармен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша Басқарма басшысымен әскери есепке алу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында тапсырмалар беріліп, Басқарма тарапынан бақылау күшейтілетіні айтылды.