"Талас-2025" тактикалық арнайы оқу-жаттығулары сәтті өткізілді

"Талас-2025" тактикалық арнайы оқу-жаттығулары сәтті өткізілді

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігінің 2025 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес, облыстың аумақтық қорғанысын дайындау шеңберінде 2025 жылдың 19-28 мамыры аралығында Талас ауданының аумақтық қорғаныс батальоны бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен (85 адам) «Талас-2025» тексеру жиыны жүргізілді.

Жиын барысында әскери міндеттілер атыс жаттығуларын орындау және аумақтық қорғаныс ротасының құрамында практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау, жетілдіру бойынша оқу-жаттығудан өтті.