Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті.
Кеңестің күн тәртібінде көктемгі екі айлықтың қортындысы қаралды. Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Акек баяндама жасады.
Бөлім басшысының хабарлауынша, наурыз айынан басталған санитарлық тазалау мен абаттандыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, «Таза Қазақстан» және «TazaLike» акциясы аясында аудан бойынша 5398 ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, екі айлық барысында ауылдық округтерде жалпы 1350 тал ағаш отырғызылып, 550 шаршы метр гүлзар орналастырылған. Сондай-ақ, 88,7 шақырым арық және каналдар тазаланып, 510 шақырым көше мен 10710 шаршы метр саябақ тазаланып, 170 тонна күл-қоқыс шығарылған.
Сонымен қатар, бөлім басшысы ауылдық округердегі зерделеу жұмыстарының қортындысын баяндап, бірқатар кемшіліктерді атап өтті.
Кеңес қорытындысында аудан әкімі атқарылған жұмыстарды жіті талдап, жауапты бөлім мен ауылдық округ әкімдерінің жұмысын қатаң сынға алды. Ербол Жұмабекұлы көктемгі екі айлық тек есеп үшін емес, нақты нәтиже беретін, тұрғындар сезінетін науқан болуы керектігін ескертіп, бөлім басшысына және кейбір ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, орын алған кемшіліктерді реттеп, жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды міндеттеді. Сонымен қатар, тазалық пен көркейту жұмыстарының жыл бойы үздіксіз жалғасуын, алдағы кезеңнің жоспарын қазірден жасап, жүйелі түрде іске асыруды тапсырды.