СПОРТ - АЗАТ ЖАННЫҢ ЖӘНЕ МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «СПОРТ-АЗАТ ЖАННЫҢ ЖӘНЕ МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ» атты 2009-2010 жылғы туылған жасөспірім ұлдар арасында Республикалық волейбол ойыны өтті. Ойын барысында Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы - Жантелиев Жасұлан Жұмаханұлы, №9 «Меркі» колледжінің директоры – Мамырбаев Ғалымжан Қырықбайұлы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры – Жұманазаров Нұрбек Рысбекұлы сөз сөйлеп, спортшы жастарға сәттілік тіледі. Шараның мақсаты – командалық рухты көтеру, физикалық төзімділікті дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту болды. Волейбол – тек спорт емес, ол ынтымақтастық пен бірлескен еңбек арқылы ғана жетістікке жетуге болатынын дәлелдейтін ойын. Ойынға Қырғызстан мемлекетінен 2 команда, Түркістан облысы және Жамбыл облысынан Меркі (2), Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары бақ сынасты. Орын алған командалар нәтижесінде: І-орын: Қордай ауданы; Бұл аудан өздерінің мықты ойын тактикасы мен командалық бірліктерінің арқасында ойынның жеңімпазы атанды. ІІ-орын: Меркі (1) ауданы; екінші орынға тұрақтап, тамаша ойын көрсетті. ІІІ-орын: Байзақ ауданы; үшінші орынды иеленді. Олардың волейбол ойынындағы қарым-қатынастары және командалық рухтары жоғары деңгейде болды. Сондай-ақ, Қырғызстан мемлекетінен 2 команда, Түркістан облысы және Жамбыл облысынан Меркі (2), Т.Рысқұлов аудандары Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз болған командаларды құттықтаймыз!
|