ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ

ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ

Меркі ауданы тау шатқалының аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, жастардың күшімен ауданымызды тазарту мақсатында «ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ» атты ерікті жастар арасында қоқыс жинау жарысы өтті.
Жарыс барысында Меркі ауданы әкімінің орынбасары – Әбілдаев Ернар Ғалиұлы сөз сөйлеп, ерікті жастарға «таза аудан — таза табиғат» ұғымын түсіндіре отырып, жастарға сәттілік тіледі.

Жалпы жарысқа ауданнан барлығы 9 командадан құралған 50-ден астам еріктілер белсене қатысып, тау шатқалының айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 0,8 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстарының қорытындысы бойынша І орын - «Жастар» командасы (191,15 кг қоқыс), ІІ - орын «Токарьлар» командасы (136,95 кг қоқыс), ІІІ орынды «Жамбыл» командасы (106,8 кг қоқыс) иеленді. Сондай-ақ, «Тұлпар» (93,4 кг қоқыс), «Жалын» (85,05 кг қоқыс), «Бүркіт» (74,6 кг қоқыс), «Қыран» (68,35 кг қоқыс), «БҚЕ» (42,8 кг қоқыс) командаларына ынталандыру бойынша ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды. Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.