Меркі ауданында 2025 жылдың 21 сәуір күні “Таза Қазақстан” экологиялық жобасы аясында орталық саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің айналасына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараға ауданымыздың белсенді жастарымен “MERKI ERIKTILERІ” волонтерлар қозғалысының мүшелері белсене қатысты. Бұл іс-шара 5 ауылдық елдімекенде жүргізілуде.
Сенбіліктің негізгі мақсаты — ауданымыздың айналасын тазарту, ескерткіштердің айналасын тазалау арқылы біз ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғыс білдіру, жас ұрпақ өз батырларын біліп, мақтан тұту, жасыл желекке күтім жасау және экологиялық мәдениетті насихаттау болды. Белсенді жастарымыз ескеркіштердің алдын қоқыстан тазартып, ескерткіш тақтайшалары тазаланып, гүлдердің түбін қопсытты.
Мұндай игі шаралар табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау керектігін ұғындырады. Сенбілік барысында жастарымызда ұйымшылдық пен бірлік көрініс тапты.
"Таза Қазақстан” жобасы шеңберінде өткізілген бұл сенбілік – тек тазалық емес, сондай-ақ ел болашағына деген қамқорлықтың белгісі.