Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдастыруымен 21 ақпан ана тілі күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты этнос өкілдерінің қатысуымен байқау өтті. Аталған шараға жалпы 6 команда қатысты. №44 ЖОББ мектеп гимназиясынан «Тіл жанашырлары», Мұхтар Әуезов ЖОББ мектеп-лицейі «Достық», Жастар ресурстық орталығынан «Жастар», аудандық көпбейінді орталық ауруханадан «Бірлік», №9 Меркі колледжінен «Алаш», «Алғыр» топтары қатысты.
Қорытындысы бойынша: бас жүлдені №44 ЖОББ мектеп гимназиясынан «Тіл жанашырлары», 1 орынды Мұхтар Әуезов ЖОББ мектеп-лицейі «Достық», 2 орынды аудандық көпбейінді орталық ауруханадан «Бірлік», 3 орынды №9 Меркі колледжінен «Алғыр» тобы иеленді. «Жастар», «Алаш» командалары алғыс хатпен марапатталды.