«Ана тілім ажарым – асыл мұрам»

«Ана тілім ажарым – асыл мұрам»

21 ақпан Ана тілі күніне орай аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен  «Ана тілім ажарым – асыл мұрам» атты эссе жазу байқауы өтті. Аталған шараға Жастар ресурстық орталығының орталық қызметкерлері мен ауылдық округтердегі жастар инспекторлары, жалпы 17 маман қатысты.
​         Қорытындысы бойынша: бас жүлдені Ақерке Тұрысбай, 1 орынды Акыл Кусманова, 2 орынды Нұржан Бостанов пен Аружан Құрамай, 3 орынды Аружан Әділбекова мен Аружан Шақшамбаева иеленді. Қатысушылар бөлім тарапынан дипломдар мен арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.