Меркі ауданында антитеррористік оқу-жаттығулар өтуде

Меркі ауданында антитеррористік оқу-жаттығулар өтуде

📌2025 жылғы 3 сәуірде Меркі аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен Меркі ауылында «Меркі-Шекара-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтуде.

💫Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың терроризмге қатысты түрлі қауіптердің алдын алу мен жолын кесу бойынша дайындық деңгейін тексеру.

📍Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына қатысты уақытша шектеулерге сабырлық танытуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы