Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Қай кезеңде болмасын, ұлттық құндылықтарымыздың орны ерекше саналған. Қазақы әдет-ғұрыптар түрлі мерекелерде көрініс тауып отырғаны тағы бар. Соның бірі, ежелгі заманнан қалыптасқан жылдың бастауы – Наурыз мерекесі.
✅️Осыған орай, 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай «САЛТ-ДӘСТҮР ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» атты аудан жастары арасында көрініс фестивалі өтті.
🔷️ Шараның мақсаты - Қазақстан аумағында өмір сүретін халықтардың тарихымен, мәдениетінімен, салт-дәстүрлерімен жастарды таныстыра отырып, олардың бойында қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастыру. Жастардың бойында «бірлік», «ынтымақтастық», «бауырмалдық», «отансүйгіштік» сияқты құндылықтарды қалыптастыру.
➡️Шараға арнайы Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша көрініс көрсеткен жастар (Томирис тобы, Үкілім-ай тобы, Тұмар тобы және Бәйшешек тобы) алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.