🔷Жайдарман бұл – жастарды бір ортаға жинайтын ойын. Қоғамға үлестерін қосып, ауданымыздың рухани байлығын кеңейтуге, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ат салысып жүрген өнерлі де талантты жастар өңірімізде баршылық.
✅Бүгін аудандық мәдениет үйінде Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен «ЖАЙДАРЛЫ - ЖАЙДАРМАН» атты аудандық жайдарман ойыны өткізілді.
➡Ойынның тұсаукесерін Меркі ауданы әкімінің орынбасары - Өмірбек Мейірхан Азатұлы ашып беріп, командаларға сәттілік тіледі.
➡Ойынға Меркі ауданындағы «ФЛЕШ - РОЯЛЬ» (3 ЖОББМ), «FIVE SCHOOL» (5 ЖОББМГ), «ДВАТЦАТКА» (20 ЖОББМ), «ЕКІ ТӨРТ» (44 ЖОББМ), «ELEGANT» (Үміт сарайы) командалары, барлығы 5 команда финалдық кезеңге қатысып, «Сәлемдесу» және «Бір әуен аясында» кезеңдері бойынша бақ сынасты.
➡Ойын соңында әділ-қазылар алқалары ойынға өз пікірлерімен, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, жас жайдарманшыларға алғысын айтып, жеңімпаз командаларды:
І ОРЫН - «ELEGANT»
ІІ ОРЫН – «ФЛЕШ - РОЯЛЬ»
ІІІ ОРЫН – «ДВАТЦАТКА» және
«ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» номинациясымен – «ЕКІ ТӨРТ» командаларын марапаттады.
🔷️Жайдарман ойынына әр команда жақсы дайындықпен келгені, көрермендердің ықыласына бөлегені, ұтқыр әзілдері және керемет актерлік шеберліктерімен ерекше көңіл-күй сыйлағаны үшін аудан жастары алғысын білдіретіні сөзсіз.