Су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға дайындық тексерілді

Су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға дайындық тексерілді

✅Меркі ауданында су тасқанының алдын алуға байланысты, төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары пысықталды.

☑️Аудан орталығындағы алаңда азаматтық қорғау және шұғыл әрекет етуге жауапты мекемелердің қызметкерлері, ауылдық округтердің ерікті жасақтары сапқа тұрғызылып, техникалар мен құрал-жабдықтардың ахуалы тексерілді.

🔰Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақытхан Әбжапаровқа төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Равиль Құрбанов техникалар мен қызметкерлердің дайындық деңгейін баяндады.

❗Жаттығуға барлығы 22 техника мен 79 адам жұмылдырылды. Тексеру нәтижесінде, шұғыл әрекет ету жасақтарының техникалары мен қызметкерлері төтенше жағдайларға дайын екені, қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті екені анықталды.