АУДАНДЫҚ ДЕПУТАТТАР ТАЛ ЕГУ ЧЕЛЛЕНДЖІН БАСТАДЫ

АУДАНДЫҚ ДЕПУТАТТАР ТАЛ ЕГУ ЧЕЛЛЕНДЖІН БАСТАДЫ

♻️Тал егуге ежелден ерекше мән берген бабаларымыздан бұл нақыл сөз бекер қалмаған. Тал егу – алдымен сауапты іс болса, сондай-ақ, бұл – табиғат анамыз бен қоршаған ортаға деген адамзаттың қамқорлығы екені сөзсіз.

⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясының үшінші апталығы да дәл осы тал егуге арналып отыр.

🌲«Жасыл аймақ» тақырыбындағы өтетін апталықта туған өлкеге тал егіп, барынша абаттандыруға, жасылдандыруға мән беріледі.

💫Осынау акция бүгін аудандық мәслихат депутаттарының үн қосуымен, үлкен қолдауымен басталды. «AMANAT» партиясының бастамасымен аудандық дендросаябақта тал егу акциясы ұйымдастырылып, игі бастама ізгі ниетпен челленджге ұласты.

✨Әрбір адамның азаматтық борышы саналатын тал егу ісіне аудандық мәслихат депутаттары түгел қатысты. Дендропарк аумағындағы арнайы орынға жүйелеп, әр талдың орнын белгілеп тұрып, 50 түп еуропалық қарағай ағашын отырғызды.

🔰Аудандық депуттар тал егу ісі дәстүрге айналса деген сенімдерін білдірді. Егілген талдардың алдағы уақытта жайқалып, жасыл аймаққа айналуын бақылауда ұстаймыз деген халық қалаулылары білім және денсаулық саласының қызметкерлеріне челлендж жолдады.