"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы

🌳Ораза айттың алғашқы күні еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын. ⠀

🍀Аталған акция аясында Жамбыл ауылдық округінің аумағында орналасқан Сыпатай батыр бабамыз ескерткішінің айналасы абаттандырылды. ⠀

🌹Ескерткіш айналасындағы гүлзар тазаланып, 50 түп раушан гүлі отырғызылды. ⠀

🔰Шараға аудан әкімі Жорабек Баубеков, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев, ауылдық округ қызметкерлері қатысты. ⠀

❗Жорабек Нұрмергенұлы ескерткіш айналасы мен ауданның кіреберісі саналатын Жамбыл ауылдық округінің гүлзарларын абаттандыру бойынша округ әкімі Ербол Байболсыновқа бірқатар тапсырмалар берді. ⠀

📍Жамбыл ауылдық округінің гүлзарларына жалпы 300 түп раушан гүлі отырғызылды.