"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция


✅Осынау акцияға Меркі жұртшылығы да белсенділікпен атсалысты. ⠀

🔰Рухани жаңару мен тазалықтың мейрамында өткен ауқымды іс-шараға аудан әкімі Жорабек Баубеков пен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев бастаған мекеме қызметкерлері, қоғамдық жұмысшылар және еріктілер қатысты. ⠀

☑️Акция аясында алдымен тау шатқалындағы үңгірдің айналысы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Табиғат ананы аялауға арналған акция барысында тау шатқалы аумағынан 100 қаптан аса қоқыс шығарылды. ⠀

❗Аудан әкімі тау шатқалындағы үңгір өлкеміздің табиғи ерекшелігі екенін атап өтіп, оның айналасын абаттандыру бойынша жоба дайындауды округ әкімі Ғазиз Байарыстанға тапсырды. ⠀

📍Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары. Туған өлкеміздің тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғауға бәріміз атсалысайық. Тазалықты сақтау – баршамыздың міндетіміз, азаматтық парызымыз. ⠀