Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жобб мектебіндегі салтанатты жиында -1010 білім алушылар сап түзеді. Мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы Мырзаханов мектеп ұжымын, ата-аналарды, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілек білдірді. Салтанатты жиынға аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы- Жексембиева Жанат Түзелбайқызы, ата-аналар қоғамдық ұйымының төрайымы- Сұлтанбекова Айнұр Амангелдиевна қатысып, барлық білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді. Жиында өнерлі де дарынды бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, өнерлерімен қуантты. Қоңырау соғу рәсімі 1сынып оқушылары- Адилбай Алинұр мен Манапбай Рабияға және 11 сынып оқушылары- Амангелді Мағжан мен Икрамжанқызы Наргизаға берілді. Салтанатты жиын соңында 1-11 сынып білім алушылары «Мектебім- мейірім мекені!»
тақырыбындағы сынып сағаттарын өтті.