Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні «Еңбек күні» мерекесі ретінде атап өтіледі

Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні «Еңбек күні» мерекесі ретінде атап өтіледі

Осыған орай, бүгін облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бастамасымен салтанатты шара ұйымдастырылды.⠀

Іс-шараға облыстық басқармалардан , аудан әкімдіктері, кәсіпорындар және кәсіподақтардан көп жылдық еңбегі бар қызметкерлер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.⠀

Салтанатты шарада облыс бойынша әр салаларда еселі еңбегімен ерекшеленген еңбек адамдары марапатталды. ⠀

Мерекелік маарапат алғандардың қатарынан меркілік бірқатар еңбекшілер де көрінді. ⠀

Атап айтсақ, Еңбек күніне орай, аудандық электр жүйесі әуе желісінің электромонтері Ринат Айтымбетов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.⠀

Сонымен қатар, "Меркі-ет" комбинатының" қасапшысы⠀
Бақтияр Жакаев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Омар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.