Бүгін аудан әкімдігінде Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті

Бүгін аудан әкімдігінде Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті

Онда аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы қарапайым еңбек адамдарын айтулы мерекемен құттықтап, мерекелік марапаттарды табыс етті.

Аудан әкімі мерекелік құттықтауын жеткізіп, өз сөзінде: «Бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі деп білемін. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Алдыңғы қатарда жүрген өздеріңіз сияқты еңбек адамдарының тәжірибелерін жастарға үлгі ету, жастарды еңбекке баулу өте маңызды болып табылады. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін», – деді.

Одан кейін марапаттау рәсіміне кезек беріліп, аудан әкімі «Меркі қанты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қант өндіру цехының шебері Осман Джумагуловты және «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің токарі Болатбек Садырмековты Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сонымен қатар, «Айсұлу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін цехының шебері Шакизада Төребаева, «Meralco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі спирт зауытының бақылау және өлшеу аспабының маманы Мансур Зарипов, «Аспара» өндірістік кооперативінің бас есепшісі Манат Жайлыбаев, «Жылыбұлақ-Меркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің№2 қой тауарлы фермасының меңгерушісі Рахат Байсалов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Еске сала кетейік, жыл сайын елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні атап өтіледі.