Бүгін аудан әкімдігінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Нәметқұловтың төрағалығымен кеңес өтті

Бүгін аудан әкімдігінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Нәметқұловтың төрағалығымен кеңес өтті

Кеңеске құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, округ әкімдері, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және тағы басқалар қатысты.

Кеңесте Президент жарлығымен 20 қараша күні өткізілетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері қаралды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Нәметқұлұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 21 қыркүйек күнгі Үндеуімен таныстырып, сайлауға дайындықты қазірден бастау қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Одан кейін Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шорман Әбілқасымов сайлауға дайындық бойынша күнтізбелік жоспарды түсіндіріп, сайлау учаскелерінің төрағаларының міндеттерін айқындап көрсетті.

Сонымен қатар, кеңес барысында ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Төлебаев сайлауалды іс-шараларының желілік кестесімен таныстырды.

Кеңес барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.