Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Қабылдауда Жамбыл ауылының тұрғыны Маржан Белгібаева қайтарымсыз мемлекеттік грант алудың жолын сұраса, Қызыл қыстақ ауылының тұрғыны Әлібек Әріп Қарпық батыр көшесінің жөндеу жұмыстарына қатысты сұрақпен қайырылды.

Аудан әкімі өтініш иелеріне заң аясында жауап бере отырып, олардың сұрақтары бойынша тиісті бөлімдердің басшыларына тапсырмалар берді.