Құрметті Меркі ауданы тұрғындары!!!

Құрметті Меркі ауданы тұрғындары!!!

✅Меркі ауданы білім бөліміне қарасты білім мемкемелеріне жұмысқа ашық түрде орналасу үшін “Бос орындар жәрмеңкесі” өткізіледі‼️‼️‼️‼️

✅Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 16 тамызда аудандық Мәдениет үйінде сағат 10:00 де алғашқы рет мекеме басшыларының қатысуымен «Мектепке кел, жас маман!» айдарымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіледі.

✅Барлық мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін және қосымша білім беретін мекемелердегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар ашық түрде жарияланып, жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

✅Жәрмеңкеге «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы № 568 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы № 432 бірлескен бұйрығының 3-тарауы, 107 тарамағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін, ең бастысы біліктілік тестілеуден өтіп, «педагог» санаты бар барлық педагог қызметкерлер мен жас мамандар қатыса алады.✅✅✅

‼️Ендеше, зерделі, жан-жақты дамыған білімді жас мамандар Сіздерді жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!