ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы ауданға жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы ауданға жұмыс сапарымен келді

Мәжіліс депутаты алдымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Одан кейін, Мейрамбек Мылтықбайұлы Ақтоған ауылдық округіндегі тұрғын үй алқабының инженерлік инфраструктуралық жұмыстарымен және Андас-1, Андас-2, Андас-3 су қоймаларының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мәжіліс депутатына аталған нысандардағы жұмыс барысын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев баяндады.