Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Сыпатай батыр және Екпінді ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Сыпатай батыр және Екпінді ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді

Кездесулер барысында аудан әкімі ауылдардағы проблемалардың барлығы зерделеніп, кезең-кезеңімен ауданның даму жоспарына енгізілетінін түсіндірді. Осы орайда жоспарлы жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, ең бастысы ауыл халқының табыс көзін арттыру екенін айтты.

Кездесулерде Сыпатай батыр тұрғындары ауыз су жүйесін жөндеу, ауылға мәдениет ошағын салу, ағын су тапшылығы жер мәселелерін көтерсе, Екпінді тұрғындары жол жөндеу, түнгі жарықтандыру, ауыз су жүйесін жөндеу, мәдениет нысанын салу қажеттігі жөнінде сұраныс білдірді.

Жорабек Нұрмергенұлы ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, осындай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.