Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалымен аудандық аппараттық кеңес өтті

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалымен аудандық аппараттық кеңес өтті

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, алдымен аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Нәметқұлов баяндама жасап, облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпараттарды ұсынды.

Одан кейін, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтердің бағалары жайында кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ахан Алтынбаев, сондай-ақ, ауылдық кітапханалар мен клубтардың жұмысы туралы мәдениет бөлімінің басшысы Тантай Ахметжанов баяндады.

Әрбір тапсырма түпкі шешімін табу керек екенін айтқан Жорабек Нұрмергенұлы орынбасарларына, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына хаттамалық тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырып, олардың орындалуын бақылауды ұстауды аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Наметқұловқа тапсырды.