Ақпараттық хабар 2006 жылғы банкноттарды айырбастау шектеусіз болады

Ақпараттық хабар  2006 жылғы банкноттарды айырбастау шектеусіз болады

 

Ақпараттық хабар

 

2006 жылғы банкноттарды айырбастау шектеусіз болады

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылы 24 мамырдағы қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі айналыстан шығарылған банкноттардың мерзімсіз айырбастаулуын белгілейді.

Осылайша, 2021 жылдың 14 маусымынан бастап Ұлттық Банктің барлық филиалдары айналымнан шығарылған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайды және олардың дұрыстығын растағаннан кейін оларды жаңа үлгідегі банкноттарға ауыстырады.

 

2006 жылғы үлгідегі банкноттар

 

Жамбыл облысының тұрғындары 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында (Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй) жұмыс күндері сағ. 09-00-ден 15-00-ге дейін комиссиясыз немесе айырбастау үшін төлемсіз айырбастай алады.

 

Қолма-қол ақша айналысына қатысты барлық туындаған сұрақтар бойынша: Тараз қ., Қазыбек би көш., 137 үй мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Жамбыл филиалына және 8 (7262) 999-341, 999-350 телефондары бойынша жүгінуге болады.

 

Сонымен қатар, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпарат www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде орналасқан.