Паспортты рәсімдеу

Паспортты рәсімдеу

Паспорт рәсімдеу ХҚО-ларда орналасқан Көші-қон қызметінің мамандары рәсімдеп береді. ІІМ-нің қызметкерлері паспортты рәсімдеу кезінде әрбіреуіңіз білуіңіз тиіс ескертулерді атап өтті:

-Паспорт қазақстандықтардың қалауымен, кез келген жаста беріледі

-Паспорттың жарамдылық мерзімі – 10 жыл

-Қызмет құны – 8 АЕК, дайын құжатты үш аптадан кейін алуға болады

-Паспортты қосымша ақы төлеу арқылы жедел түрде жасатуға болады.

Балаға паспортты рәсімдеу кезінде ата-анасының жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі көрсетіліп (ата-ананың болуы міндетті), мемлекеттік баж төленуі қажет. Жеңілдік санаты бар азаматтарға мемлекеттік бажды төлеудің қажеті жоқ.