
«ЖАЙДАРМАН – ДОСТЫҚТЫҢ ОРТАСЫ» атты жайдарман ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті! Финалдық сайысқа ауданымыздың ең үздік 5 командасы қатысып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше эмоция сыйлады. Қатысушылар өзара тапқырлықтарын, актерлік шеберліктерін және сахна мәдениетін көрсете білді.
Финалға қатысқан командалар:
🔹 №39 ЖОББМГ — «СТИМУЛ»
🔹 №20 ЖОББМ — «20 ЖҰЛДЫЗ»
🔹 Оқушылар «Үміт» сарайы — «ДИКТАТОРЫ»
🔹 №1 ЖОББТМГ — «NUMBER ONE»
🔹 №17 И.Трубицын атындағы ЖОББМГ — «МАГНАТ»
Ойын соңында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Н. Жұманазаров жастарға белсенділіктері мен өнерлері үшін алғыс білдіріп, арнайы марапаттады.
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын — «ДИКТАТОРЫ» командасы 400 000 теңге, ІІ орын — «СТИМУЛ» командасы 300 000 теңге, ІІІ орын — «МАГНАТ» командасы 200 000 теңге.
Ал «20 ЖҰЛДЫЗ» және «NUMBER ONE» командалары 50 000 теңгелік сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясымен А.Әбілқазы марапатталды.
Жайдарман — тек ойын емес, ол достықтың, бірліктің және жастар шығармашылығының үлкен алаңы. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жеңіс