«Әулиеата аруы – 2026»

«Әулиеата аруы – 2026»

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Әулиеата аруы – 2026» атты облыстық қыздар байқауында тарихы терең Меркі өңірінің намысын қорғаған үміткеріміз — Дәукен Эсманұр Нұрбекқызы. Эсманұр — тек сұлулығымен ғана емес, өзінің тәрбиесімен, парасатымен және бойындағы сенімімен ерекшеленетін ару. Ол Меркі өңірінің рухын, болмысын және көркем келбетін үлкен сахнада лайықты деңгейде таныстыра алды. Бұл байқау — сыртқы келбеттен бөлек, парасат пен пайымды, өнер мен талғамды саралайтын маңызды кезең. Осындай жауапты додада Эсманұр өзінің сахна мәдениетімен, өзіндік болмысымен ерекшеленіп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, аруымыз жүлделі III орын иегері атанды.Бұл — тек нәтиже емес, бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және сенімнің жемісі. Меркі өңірінің абыройын асқақтатып, өзіне жүктелген сенімді лайықты деңгейде ақтай білді.