АНДАС БАТЫР МЕН КЕҢЕСТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

АНДАС БАТЫР МЕН КЕҢЕСТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың тұрғындармен тұрақты кездесулері жалғасуда. Ол кезекті рет Андас батыр және Кеңес ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.

Кездесу барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, негізгі салаларда тұрақты өсім бар екенін атап өтті. Әсіресе, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып, қолға алынған жобалардың маңызына тоқталды.

Ең бастысы – тұрғындармен ашық әңгіме өрбіді. Ауыл халқы өздерін толғандырған мәселелерді еркін жеткізіп, нақты сұрақтар қойды. Өз кезегінде аудан әкімі әрбір сауалға жауап беріп, көтерілген түйткілдердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Жиын соңында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, айтылған мәселелер бақылауға алынды.