МЕРКІДЕ ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

МЕРКІДЕ ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Аудан аумағында кең көлемді жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасының негізгі бөлігі тау шатқалында өтіп, табиғи аумақтарды ретке келтіруге ерекше назар аударылды.

Сенбілікке аудан әкімдігінің бөлімдері, аудандағы мекеме қызметкерлері және Меркі ауылдық округінің мамандары белсенді қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Әр ұжым өзіне белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс қалдықтарын жинау, айналаны ретке келтіру, табиғи ортаны қорғау бағытында нақты жұмыстар атқарды.

Мұндай шаралар тек тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді. Тау шатқалындағы сенбілік барысында табиғатқа зиян келтірмей, оны күтіп-баптаудың маңыздылығы тағы бір мәрте айқын сезілді.

Құрметті аудан тұрғындары! Тазалық – баршамызға ортақ құндылық. Табиғатты аялау, туған жерімізді таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз екенін ұмытпайық.